Атырауда мас адам жарылғыш зат бар деп елді дүрліктірді

2 Тамыз 2021, 22:14
4710
Бөлісу:
Атырауда мас адам жарылғыш зат бар деп елді дүрліктірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полицейлер әлдебір мас адам қаланың осы ауданында екенін және қолында жарылғыш зат салынған сөмкесі бар екенін хабарлаған соң, Исатай мен Махамбет алаңын қоршап, Тайманов көшесін ішінара жауып тастады деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы. 

Саперлер сөмкені тексерген, ішінде иесінің жеке заттары бар болып шықты. Ол ұсталды, вахта қызметкері екен.
1976 жылы туған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұл жыл басынан бері террористік акт туралы төртінші жалған хабар.


Өзгелердің жаңалығы