Атырауда көші-қон қызметінің басшысы ұсталды
1 Мамыр, 04:28 846

Атырауда көші-қон қызметінің басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметіне қарағанда, күдікті ағасымен бірге елден шығарылу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматынан Атырау қалалық сотының судьясына пара беруді сұраған. Полиция полковнигіне 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры жеткізіп берген. Алайда, шетелдік валюта судьяға жеткізілмеген.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-баптың 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...