Бас жаңалықтар
Атырауда коронавирустан 17 адам емделіп шықты
16 Мамыр 2020, 15:49 184

Атырауда коронавирустан 17 адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясынан  сауығып шыққандар саны 147 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті инфекциядан айығып шыққандардың 16-сы Теңіз кенішінің қызметкерлері. Яғни, олардың 11-і ер адамдар, 5-і әйел адамдар.

17-ші адам Атырау қалалық №4 емхананың 57 жастағы мейірбикесі.

Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тесті теріс нәтижені көрсетті. Осылайша, емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды, деп хабарлады Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Сондай-ақ Атырау өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 жағдай тіркелді.

Олар Түркістан облысының тумалары. 1996, 1992, 1995, 1996, 1988 жылғы ер адамдар Атырау облысына Ресей Федерациясынан келген. Олардан алынған тест сынамалары коронавирустық инфекциясын растады. Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциондық стационарға жатқызылды.

Тағы 27 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. Олар 1997, 1986, 1978, 1997, 1981, 1995, 1994, 1985, 1984, 1979, 1982, 1962, 1984, 1994, 1979, 1979, 1990, 1975, 1982, 1980, 1964 туған ер адамдар және 1966, 1961, 1977, 1972, 1968, 1999 жылы туған әйел адамдар.

Жұмысшылар Теңіз кенішінен демобилизацияланар алдында тест сынамаларын тапсырды. ПЦР тест нәтижесі инфекцияны растады.

16 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясы 506 адамда расталып отыр. Оның ішінде, 428 жағдай Теңіз кенішінен тіркеліп отыр. Қатерлі инфекцияны жеңіп шыққандар саны Атырауда 147 адамға жетті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...