Атырауда коронавирусқа шалдыққандардың 74 пайызы жазылып шыққан

12 Тамыз 2020, 23:00
979
Бөлісу:
Атырауда коронавирусқа шалдыққандардың 74 пайызы жазылып шыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров өңірде коронавирустан жазылғандардың 74 пайызға жеткенін мәлімдеді.

Бүгін, яғни 12 тамызда Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10 638 науқас тіркелді. Оның ішінде 7 869 пациент емделіп шықты. Қауіпті індеттен жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайызды құрады. Науқастар санының азаюына байланысты карантиндік станционарлар жабылды. Алайда, эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себепті, коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтілді, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ, Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

Алда күз, қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан тұрғындарға өз денсаулығына салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдалануға, қоғамдық ортада арақашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға кеңес беремін,- деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы