Бас жаңалықтар
Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
26 Мамыр 2020, 21:47 107

Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте айтты деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Коронавирус инфекциясымен күреске республикадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сумма жергілікті бюджеттен де бөлінді. Бұл қаражаттар мақсатты түрде жұмсалды. Осы жерде демеушілердің, кәсіпкерлер сондай-ақ кәсіпорындар мен компаниялардың көмегі зор болғанын айта кету керек. Демеушілік қолдау нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, дәрі - дәрмектер  сатылып алынды. Қонақ үйлерде жатқан медицина қызметкерлері және карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орындарының ақысы төленді, уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Өңір басшысының айтуынша, бастапқыда небары 180  инфекциондық орын болса, бүгінде оның 540 орынға дейін көбейтілді. 300 орыннан астам провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды.



Фото: дереккөз
Загрузка...