Атырауда коронавирус жұқтырған әйелмен байланыс жасаған 27 адам анықталды

29 Наурыз 2020, 13:47
943
Бөлісу:
Атырауда коронавирус жұқтырған әйелмен байланыс жасаған 27 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі болған бесінші науқас қалалық үшінші емхананың қызметкері болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Анықтамаларға сәйкес, медбике 17 наурыз күні   "Алматы-Атырау" бағытында келген қыз баладан қан сынамасын алған. Бүгін жергілікті тұрғында коронавирустық инфекцияның оң нәтижесі расталды.  
Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, қалалық  №3 емхана 30 наурыз, дүйсенбіден бастап қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді.  Медициналық мекемеге   жаппай  дезинфекциялау  жұмыстары жүргізілмек.
Өзгелердің жаңалығы