Киік аулаған атыраулық ұсталды

7 Шілде 2020, 21:38
1880
Бөлісу:
Киік аулаған атыраулық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының мотокөлігімен киікті қуып құлатқанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚК 339-бабымен "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі – браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады, – деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Камза Үмбетқалиев.

Өзгелердің жаңалығы