Атырауда кезекші сыныптарда оқу үшін 21 мың өтініш түскен

11 Тамыз 2020, 06:02
1873
Бөлісу:
Атырауда кезекші сыныптарда оқу үшін 21 мың өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ата-аналар тарапынан кезекші сыныптарда оқу бойынша 21 мың оқушыға өтініш келіп түскен. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева мәлімдеді.

Жаңа оқу жылында қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін облыстағы 170 мектепте "кезекші сыныптар" жұмысы жүзеге аспақ.

Жаңа оқу жылы "кезекші сыныптарда" оқушылар 170 мектепте 140 сынып жиынтығында оқиды деп жоспарлап отырмыз. Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Бүгінде ата-аналар тарапынан 21 мың өтініш келіп түсті, - деді Алмагүл Қайырлиева.

Айта кетейік, кезекші сыныптарда бастауыш сынып оқушылары ғана емес, шағын комплектілі мектептің оқушылары да оқи алады. Қазіргі уақытта облыс көлемінде 14 шағын комплектілі мектеп бар. Жаңа оқу жылы сол 14 мектептен 880 оқушы штаттық режимде, яғни дәстүрлі бағытта сабақ оқиды деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы