Атырауда қаза болған балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

6 Қазан 2021, 15:18
12849
Бөлісу:
Атырауда қаза болған балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өрттен қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты, қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл - үлкен қасірет. Қаза болған балалардың отбасыларына Атырау облысы әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады, - делінген көңіл айту жедел хатында.

Айта кетейік, Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін ПД қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы