Атырауда карантин тағы созылды

13 Қыркүйек 2020, 16:25
2392
Бөлісу:
Атырауда карантин тағы созылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес өңірдегі карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін созылды.

Liter.kz мәліметіне сүйенсек, жаңа қаулыға сәйкес театр, кітапхана, мұражай тәрізді мәдени нысандардың қызметтерін ғимараттағы адам саны жалпы сыйымдылықтан 50%-дан аспаған жағдайда, яғни 50 адамнан көп емес әрі әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, қалалық бассейндердің қызметіне рұқсат етілді. Олар адам саны 50-ден, яғни жалпы сыйымдылығынан 30% аспаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-22:00 аралығында жұмысын жалғастыра алады.

Сауда нысандары да 09:00-22:00 аралығында жұмыс істейді, адамдар ол жерлерге бара алады. Алайда, барушылардың шекті межесі 30%-дан аспауы қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Әрі бір келушіге 4 шаршы метрден деген қағидасы тағы бар.


Өзгелердің жаңалығы