Бас жаңалықтар
Атырауда көпбалалы 26 ана "Алтын" және "Күміс" алқа төсбелгісімен  марапатталды
PHOTO
10 Желтоқсан 2019, 22:23 2489

Атырауда көпбалалы 26 ана "Алтын" және "Күміс" алқа төсбелгісімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында төрт және одан да көп баласы бар 8 мыңға жуық әйел тіркелген, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырау қаласы әкімдігінің кіші залында көп балалы 26 ана "Алтын" және "Күміс" алқаларымен марапатталды. Рәсімге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысты. Құттықтау сөзінде ол аз қамтылған   және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

ПАТ1.jpeg
Өткен жылы қалада екі мектеп және үш балабақша пайдалануға берілді, тағы жеті мектеп салынуда. Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана берілді, оқыту жүргізілуде, жеке кәсіп ашуға гранттар берілуде, жаңа жылдан бастап жәрдемақы мен АӘК жаңа форматта төленетін болады, - дейді Ұлықбек Тналиев.
Әкім орынбасарының айтуынша,  әлеуетті көмек алатын  барлық  көпбалалы отбасылар жаңа жылдан бастап автоматты түрде жоғары төлемді жәрдемақы алады. Мысалы, егер отбасы төрт балаға шамамен 10 мың теңге алса, 2020 жылдан бастап жәрдемақы 42 500 теңгені құрайды.

ПАТ2.jpeg
Жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты болады. Қабылдаудың басты шарты - отбасының бір мекен-жайы бойынша тіркелуі, сондықтан ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, үйде отырып  барлық мәліметтерді электронды сандық қолтаңбаны пайдаланып e-gov порталынан көруге болады, - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары. 
ПАТ3.jpeg

Айта кетейік, бүгінде Атырауда және оның маңында 8 мыңға жуық көп балалы ана тіркелген. Олардың 4854- төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдер, 283 батыр ана, 1626 - "Күміс алқа" алқа иегерлері, 1090 әйел "Алтын алқа" төсбелгісімен марапатталған.

ПАТ4.jpeg

Фото: дереккөз
Загрузка...