Атырауда газ сөндіріледі

24 Шілде 2019, 01:16
1356
Бөлісу:
Атырауда газ сөндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы тұтынушыларының жартысы газсыз қалады.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, газды өшіру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.

«Алдымен Орал өзенінің сол жағалауында орналасқан шағын аудандарда сөндіріледі. Атап айтқанда, Жилгородок, Привокзальный, Алмагүл және т.б. Жалпы, сөндіру жұмыстары шілденің 23-нен 25 аралығында жалғасады», - делінген хабарламада.

Газбен қамтамасыз етуді тоқтату жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты. Бұған дейін, жөндеу жұмыстары өзеннің оң жағалауында жүргізілген болатын.



Өзгелердің жаңалығы