Бас жаңалықтар
Атырауда ескерткіш тақта ашылды
07 Мамыр 2019, 16:48 800

Атырауда ескерткіш тақта ашылды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Шалқар Ақымғалиевтың отбасына Президент жарлығымен III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.Қызмет бабында қаза болған полицейдің анасы Ләззат Мәженқызына мемлекеттік награданы бүгін Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев табыс етті.

«Құрметтегеніңізге рахмет. Ол менің ұлым ғана емес, бүкіл еліміздің ұлы екенін түсіндім. Баршаңызға рахмет. Шалқар әскерден кейін полиция қызметкері болғысы келді. Мен оған бұл қиын жұмыс екендігін айттым. Ол өзінің азаматтық борышымды орындаймын деп жауап берді» ,- деп көзіне жас алды анасы Ләззат Мәженқызы.

Аймақ басшысы Отан қорғаушылар күніне орайластырылып өткізілген шарада облыс полицейлері өздеріне міндеттелген тапсырмаларды жоғары дәрежеде атқарып келетінін жеткізді.

«Біз сіздердің азаматтық борышыңызды жақсарту үшін мемлекет басшысының нұсқауларын орындап жатырмыз, жергілікті бюджеттен ақша бөлу мәселесін жүйелі түрде шешеміз, техникалық базаны, қару-жарақты, оқ-дәрі сатып алуды және сіздерді пәтер мен көлік құралдарымен қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде, Атырау облысында қылмыс жыл сайын төмендеп келеді», - деді Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев.

Мерекеде мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етілген соң, сала ардагерлері ескерткіш тақтаның ашылуына қатысты. Салтанатты ашылу рәсімі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен полиция департментінің бастығы генерал-майор Аян Дүйсембаевтың қатысуымен өтті. Тақтаға тәуелсіздік жылдарында қылмыспен күресте, азаматтардың өмірін қорғау жолында жанын қиған 3 полиция қызметкерінің фотосуреті мен есімдері ойып жазылған. Олар лейтенанты Бисекенов Асқар Түсіпұлы, Өтемісов Нұрберген Сисенбайұлы және биыл наурыз айында көпірден секірген азаматшаны судан құтқару кезінде мерт болған Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлы.

Батырлардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып аспанға оқ атылды. Сап түзеген ішкі істер органдарының қызметкерлері меморил алдына гүл шоқтарын қойды.

Атырау полициясы тарихында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, азаматтардың өмірін қорғауға атсалысқан 6 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, 4 қызметкер «Айбын» орденімен марапатталған.

 

 



Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық