Атырауда ел қорғайтын еріктілер көп

7 Сәуір 2020, 21:43
2172
Бөлісу:
Атырауда ел қорғайтын еріктілер көп
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Арнаулы әскери жиынға қатысуға ниетті атыраулықтардың саны бірер күннің ішінде жүзден асыпты. Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдерінің айтуынша, белсенділер өте көп.

әскерге еріктілер Жасұлан.jpg

Дегенмен әскери қызметке жарамды азаматтардың саны мен қажеттілігін жергілікті атқарушы орган шешеді. Олар блок-бекеттерді күзетіп, қала ішін патрульдеуге қатысады. Сондай-ақ, ықшамаудандарға дезинфекция жұмыстарын жасайды. Бұл жұмыстар түгелдей тәртіп сақшылары және әскери қызметкерлермен бірлесе орындалады екен.

Арнайы шақырылымға келуге ниеттілер Атырау облысы бойынша өте көп. Әр бөлімшеге күніне ондаған адам келіп өтініш береді. Бірақ әскери жиынға қатысу ерекшеліктері бар. Олар олар жергілікті әскери есепте тұрғандар, бұрын әскерде болғандар, денсаулығы жарамдылар, сондай -ақ, бұрын сотталмағандар. Аумақтық әскерлер өздері орналасқан әкімшілік-аумақтық құзыреттілігі ішінде және олардың мүдделері үшін жұмыс істейді, яғни Атырау өңіріне басқа жерлерден адамдар жіберілмейді. Жиынға қатысатындар ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшісі мәртебесін алады. Әлеуметтік көмектер де соған сәйкес беріледі. Олар медициналық көмек, киім және азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жұмыс орындары мен лауазымдары сақталып, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері, яғни, 42 500 теңге беріледі. Осының барлығын түсіндіріп жатырмыз,-дейді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сатыбалдиев.

әскерге еріктілер Нұрқанат.jpg

Өз еркімен өтініш тапсыруға келгендердің бірі қала тұрғыны Нұрқанат Ниетжанов. Оның сөзінше, қазіргі қиын жағдайда елге қолдау көрсету - әр азаматтың борышы.

Қазір еліміз қиын сәтте тұр. Осы кезде халыққа қоодау көрсету менің азаматтық борышым. Сол мақсатта осы департаментке келіп әскери жиынға қатысуға өтініш бердім,-дейді қала тұрғыны Нұрқанат Ниетжанов.

Өзгелердің жаңалығы