Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат өтуде

4 Наурыз 2019, 14:50
1815
Бөлісу:
Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат өтуде

Астана, BAQ.KZ. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда дзюдодан жастар арасындағы чемпионат басталды. Жарысқа 1999-2001 жылдары туған жастар қатысуда. Жайық жағасындағы додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы жиналды.

Дзюдодан ҚР чемпионатын Атырау облысының әкімі ашты. Нұрлан Ноғаев өз сөзінде спортшыларға табыс тілеп, биыл Конфедерация кубогын жеңіп алған атыраулық дзюдошылардың табысын атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спортты дамытуға бағытталған шаралар жасалып жатыр. Көптеген жаңа нысандар салынып, үйірмелер, секциялар, спорт алаңдары ашылды. Алға қарай да жұмысты жалғастырамыз", -деді Нұрлан Ноғаев.

Дзюдодан республикалық чемпионат 5 наурызға дейін созылады. Жарыс қорытындысы бойынша дзюдодан Қазақстан Республикасының құрамасы жасақталады. Жарыс Жастар жылына және жас қазақстандықтар арасында спортты насихаттауға арналған.

Өзгелердің жаңалығы