Бас жаңалықтар
Атырауда домбырадан халықаралық фестиваль-сайысы өтеді
20 Сәуiр 2019, 14:53 786

Атырауда домбырадан халықаралық фестиваль-сайысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнайлы өңірде «Saz Perneli Saraishyq» фестиваль-сайысы 26-28 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте жоба жетекшісі Айгүл Үлкенбаева мәлімдеді.

«Ірі көлемдегі шараға 12 мемлекеттен өнерпаздар қатысады. Фестивальға 35 жастан асқан отандық музыканттар қатыса алады, шет елдік қатысушылар үшін жас шектеулігі жоқ. Яғни, мемлекеттік марапаттары бар музыканттар қатыса алмайды», - дейді Айгүл Үлкенбаева.

Шараға Индонезиядан дирижер Франки Раден бастаған фольклорлық ансамбль, Иран, Тәжікстаннан өнерпаздар келеді деп күтілуде, сондай-ақ атыраулық «Сармад» ансамбльі, «Мұрагер» этно-фольклорлық ансамбльі және алматылық «Хассақ» ансамбльі фестивальда құрметті қонақ ретінде өнер көрсетеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...