Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны 23-ке жетті

5 Сәуір 2020, 16:36
1413
Бөлісу:
Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны 23-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 5 сәуір күні Атырауда коронавирус инфекциясымен тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қауіпті вирус 47 жастағы әйел адамнан анықталды. Қазіргі кезде ол адаммен байланыста болғандар анықталып, түгелдей оқшауланды.

Осылайша, Атырауда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 23-ке жетті. Қазіргі уақытта инфекциондық стационарда – 23 науқас, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда 173 адам жатыр. Сонымен қатар, 925 адам үй карантиніне оқшауланған, - делінген ведомство хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы