Бас жаңалықтар
Атырауда браконьерлерден 364 дана киік мүйізі тәркіленді
12 Ақпан 2021, 08:40 616

Атырауда браконьерлерден 364 дана киік мүйізі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-21014» маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты. Бұл туралы azh.kz жазды.

Көліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы, екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен  рұқсат құжаттары жоқ «Байкал МР-512» маркалы қару тәркіленді.

23 жастағы екі тұрғынға ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.



Фото: дереккөз
Загрузка...