Атырауда бір айда 12 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

31 Қаңтар 2020, 07:41
2029
Бөлісу:
Атырауда бір айда 12 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда жыл басынан бері 12 азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Олар алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырғандар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіп, заң күшейтілгенмен, масаң күйде темір тұлпар тізгіндеп жүргендер азаймаған.

Қаңтар айында қалада 9 адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабымен 12 жүргізуші 15 тәулікке қамаққа алынды. Одан соң олар 7 жылға көлік басқару құқықтарынан айырылды. Сол сияқты осы баптың 3 бөлігі бойынша бір жүргізуші 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылса, бір адам жүктілігіне байланысты қамақтан босатылды. Тағы бір жүргізуші 15 тәулікке қамаққа алынып, 6 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Заң жылдан-жылға күшейіп, төлейтін айыппұлдар мөлшері көбейіп келе жатыр. Сондықтан жүргізушілер заңға бағынулары қажет, – дейді Атырау облыстық сотының бөлім басшысы Боранбай Ғалиев.
Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы көлікті мас күйінде басқарғандарға қатысты 900-ге жуық іс қаралған. Оның нәтижесінде 77 адам қамауға алынған, ал 771 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған.
Өзгелердің жаңалығы