Атырауда бес бала өрттен құтқарылды

31 Қазан 2020, 16:46
1334
Бөлісу:
Атырауда бес бала өрттен құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала және бір ересек адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға кеше сағат 14.32-де Атырау қаласының Абай Құнанбаев көшесіндегі үйде орын алған. 

Диспетчерлік пультке 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде өрт бесінші қабаттан шыққаны анықталды. Пәтердің кіреберісінде тоңазытқыш пен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндірушілердің күшімен жоғары қабаттан 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Тағы 5 адам далаға өз бетімен шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы