Атырауда белгісіз біреу көлік терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен

9 Қыркүйек 2021, 02:36
5440
Бөлісу:
Атырауда белгісіз біреу көлік терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.

Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы