Атырауда базарлар қашан ашылатыны белгілі болды

27 Мамыр 2020, 00:22
1599
Бөлісу:
Атырауда базарлар қашан ашылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Базарлар коронавирус көрсеткіші деңгейі төмен болған жағдайда ғана ашылады.

Бұл туралы  онлайн брифингте Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев айтты деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, коронавирус инфекциясына қатысты өз критерийі бекітілген. Бұл деңгей 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер Атырауда апта бойына инфекция жұқтыру деңгейі төмен сақталатын болса, базарға байланысты карантиндік талаптарға өзгерістер енгізуге болады, – деді спикер Амантай Жұмағалиев.
Өзгелердің жаңалығы