Бас жаңалықтар
Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 8 жоба іске қосылады
18 Ақпан 2021, 06:25 237

Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 8 жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

​​Қазіргі таңда ҚР ​ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Олардың ​ қатарында тоған шаруашылығы бағытындағы 6 жоба, балық өсіру шаруашылығы және балық өсіру зауытын кеңейту жобасы бар, – деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

​​Былтыр облыста 11 мың 600 тонна балық ауланған. Оның​ 11 мың тоннасы өңделіп, 98 пайызы шет елдерге экспортталды.

Жалпы балық шаруашылығы саласында 4​ 800 адам еңбек етуде.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...