Атырауда балық аулау маусымы басталды

15 Наурыз 2019, 17:22
2722
Бөлісу:
Атырауда балық аулау маусымы басталды

Астана, BAQ.KZ. Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады. Бірінші болып «Амангелді» ЖШС кәсіпорын бригадасы шықты. 

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 12 наурызда Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы (балық инспекциясы) «Амангелді» ЖШС балықшыларына бөлінген лимитті пайдалануды бастады. 

Инспекция жетекшісінің орынбасары Арман Молдашевтың айтуынша, осы ЖШС балықшылары өзеннің төменгі жағында «Золотенок» және «Төменгі Дамбадағы» екі бағытта балық аулай алады. Үш күн бойы (12 наурыздан 14 наурызға дейін) «Амангелді» ЖШС балықшылары белгілі бір түрдегі 12 тоннадан астам балықты ұстады: «Золотенок» участкесінде 5,426 кг, «Төменгі Дамба» участкесінде - 7,153 кг. 

Негізінен, ауланған балықтардың арасынан қарақөз, сазан, табан, жайын және қылышбалық балықтары байқалады.

Өзгелердің жаңалығы