Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

17 Қазан 2020, 19:25
2247
Бөлісу:
Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Азаматтық қорғау органдарының  25 жылдығына орай орталық алаңда ерекше көрме  өтті.  Құтқарушылар мен қорғаушылар қала тұрғындарына түрлі  техникаларын, апатты жағдайда пайдаланатын құрылғылары мен медициналық көмек көрсететін көліктерін көрсетті. 

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді
Сондай-ақ, із кесуші иттерді де көрмеге әкелген.

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Біздің жедел құтқару тобының кинологиялық бөлімінде  2 итіміз бар. Олар бельгиялық овчаркалар. Ыстыққа да, суыққа да өте төзімді тұқым. Біздің негізгі қызметіміз техногендік, яғни адамдарды іздеу. Осы із кесуші иттердің арқасында Атырау аймағында біраз жағдайлар анықталды. Жыл басында суға кеткен баланың денесін табуға септігі тиді. Ит алдымен оның киімдерін Жайық жағасынан тапты. Одан соң құтқарушылар денесін судан алып шықты,-дейді кинолог Руслан Нұров.

Көрмені тамашалуға келген халықтың қарасы көп болды. 

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Балалар емес, тіпті үлкендердің өзі техникаларға мініп, құрылғыларды қозғап көрді. 

Соңғы жылдары Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты барлық бөлімдердің материалдық-техникалық базасы күшейген.

25 жыл ішінде азаматтық қорғау органдары үлкен мәртегеге ие болды. Соңғы жылдары рефомалар жасалып, жаңашылдықтар болып жатыр. Атырау облысындағы құтқарушылар құрамына жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, өрт сөндіру бөлімдері салынды. Түрлі техникалалар алынды. Біз үлкен күшке айналдық. Біздің қызметкерлер өздеріне жүктелген жауапкерлікті толық сезінеді.Қиындыққа тап болған әр адамның өмірі біздің қолымызда. Сондықтан халықтың қауіпсіздігі біздің мойнымызда,-дейді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Биржанов.

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Департамент басшысының айтуынша  мереке қарсаңында осы салада қызмет атқарған ардагерлер мен департамент қызметкерлері министрліктің, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың марапаттарына ие болған.

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Оралық алаңдағы көрмені облыс басшылары да тамашалап, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтады.

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Атырауда Азаматтық қорғау органдары көрме өткізді

Өзгелердің жаңалығы