Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары көшіріледі

23 Қазан 2019, 15:39
4103
Бөлісу:
Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары көшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Telegram-дағы "Атырау облысының әкімдігі" чат-каналында мәлімдеді деп, хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде облыс орталығында  12 апатты жатақхананың тұрғындары көшірілуі тиіс екен. Бұл үшін Атырауда бюджет есебінен 240 пәтерге есептелген 6 үйдің құрылысы жүргізілуде. 
"Жыл соңына дейін Береке ықшам ауданында 3 үй пайдалануға тапсырылады. Осыған орай, 6-7 жатақхананың тұрғындарын көшіруге мүмкіндік туады.  Мердігерлердің уәделеріне сүйене отырып,  6 үйді де тапсыруды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі және басқа да себеп-салдарға орай, тек 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қай жатақхананың тұрғындары көшірілетінін қосымша хабарлаймыз. Қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы