Бас жаңалықтар
Атырауда агенттіктің араласуымен 450 млн теңге қазына қаражаты үнемделген
23 Шілде 2021, 20:16 365

Атырауда агенттіктің араласуымен 450 млн теңге қазына қаражаты үнемделген

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 6 ай ішінде 46 мемлекеттік органнан 450 млн теңге бюджет қаражаты үнемделген. Сондай-ақ жемқорлық фактісін хабарлаған 4 азаматқа 700 мың теңгеден астам сыйақы берілген.

Жалпы Атырау облысында өткен жылдармен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмысы төмендеген. Алты ай ішінде 5 факті жүйелі жемқорлық бойынша, 3 мемлекеттік бағдарламалар аясында, 1 шағын және орта бизнесте және 1 көлеңкелі экономиканы қолдау бойынша анықталды. Жалпы жемқорлыққа қатысы бар 39 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде 6-ауы мемлекеттік органдардың басшылары. Құқық қорғау, білім беру саласында, салық жүйесінде, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру және тағы басқа салалардағы жемқорлық жүйесі жойылды. 62 іс сотқа жіберілді. 19 адам сотталды, - дейді департамент басшысы Қанат Сүлейменов.
Сонымен қатар департаментке 1424 CaII-орталығы арқылы 10 хабарлама түскен. Оның ішінде пара алу фактілері бойынша 2 жемқор сотталған. Департамент басшысының айтуынша, алты ай ішінде 700-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.
Жыл басынан бері 500 мың әлеуметтік желі қолданушысын қамтитын 700-ден астам іс-шара өткізілді. «Адал көмек» жобалары шеңберінде 335 тегін құқықтық онлайн-консультация ұйымдастырылды. «Антикорлайф" – жобасы бойынша мемлекеттік органдар басшыларының, оның ішінде облыс, қала және аудан әкімдерінің қатысуымен 360-тан астам тікелей эфир өтті. «Protecting Business and Investments» бойынша 159 млрд теңге сомасына инвестициялық жобаларға 22 келісім сүйемелденеді. Біздің ұсыныстарымыздың арқасында 46 мемлекеттік органда 450 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді, – дейді департамент басшысы.
Сондай-ақ департамент мәліметінше, барлық әкімдік сервистік форматқа көшкен. Мемлекеттік органдар мен мекемелерде еңбек ұжымдары үшін 44 фронт-офис және оупен-спэйс форматындағы 19 кабинет бар. Өңірдегі 68 ауылда халықтың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...