Атырауда қадағалау шараларымен 32 млн теңге берешек өтелді

3 Наурыз 2019, 16:49
1245
Бөлісу:
Атырауда қадағалау шараларымен 32 млн теңге берешек өтелді

Астана, BAQ.KZ. Атырау облыстық прокуратурасы Жұмыспен қамту орталығының 617 жұмысшы алдындағы 32,6 млн теңге берешегін анықтады.

Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Облыстық прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде қалалық Жұмыспен қамту орталығының 617 жұмысшы алдында 32,6 млн теңге берешегі анықталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған қоса, 8,1 млн теңгеге міндетті әлеуметтік аударымдары уақытылы аудармау фактісі анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, берешектер толық көлемде өтеліп, 2 кінәлі тұлға жауаптылыққа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы