Атырауда 558 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген

16 Қаңтар 2021, 22:46
1519
Бөлісу:
Атырауда 558 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер мас күйінде көлік тізгіндеген 558 мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Автокөлікті мас күйде жүргізу жол жүрісіндегі ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып есептеледі. Себебі мас жүргізуші-ол қылмыскермен тең. 

2021 жыл бастала салысымен Патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші жауапкершілікке тартылып үлгерді. 

13 қаңтар күні сағат 02:25 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Құрманғазы көшесінде орналасқан "Sinoil" жанар-жағармай бекетінің тұсынан "Toyota Land Cruiser” маркалы автокөлігі тоқтатып, тексеріс кезінде автокөліктің  31 жастағы жүргізушісі медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша мас екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен аталған азамат 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды, – делінген хабарламада. 

Ал, өткен 2020 жылы полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 558 жүргізушіні жауапқа тартты.  Олардың 11-і әйел жүргізушілер. 

Аталған жүргізушілердің барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысы 15-20 тәулік аралығында қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқықтарынан айырылса, бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген 57 жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346 бабымен қылмыстық іс қозғалды.


Өзгелердің жаңалығы