Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

8 Тамыз 2020, 22:03
1781
Бөлісу:
Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам аурухана төсегіне таңылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.


Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 тамызда сағат 19:00 шамасында Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында болған.
Kia Rio көлігінің жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да тоқтамаған. Сөйтіп, әуелі Nyundai Elantra көлігіне соқтығысқан. Бұдан соң Skoda Octavia мен Volkswagen Touareg көліктерімен түйіскен.
Оқиға салдарынан жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ал,тағы 2 адам №7 емхана дәрігерлерінің медициналық тексеруінен соң үйіне жіберілген.


Өзгелердің жаңалығы