Атырауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

20 Наурыз 2019, 16:55
4042
Бөлісу:
Атырауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

Астана, BAQ.KZ. Еркінқала ауылдық округінің Ракуша ауылында жаңа жалпы білім беретін мектеп салынды, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ракуша ауылында 300 орындық жаңа мектепті пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Жалпы білім беру мекемесі «NCOC» компаниясының демеушілігімен салынды.

"Ракуша ауылындағы М.Өтемісов орта мектебінің құрылысы 2017 жылдың маусым айында басталып, 2019 жылдың наурызында аяқталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қуанышты жайт, себебі, Өркен ықшам ауданындағы 35 мектепте ауылдың 645 баласы оқып жатыр", - деді Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Қабдинов.

Екі қабатты жаңа мектеп 2,5 гектар жерде орналасқан. Мұнда сапалы білім беруге барлық қажетті жағдай жасалған: барлық кабинеттер жаңа заманауи жабдықтармен, интерактивті тақтамен және компьютермен жабдықталған. Мектепте кең, әрі жарық сыныптар, үлкен спорт залы, асхана, кітапхана және мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке сыныптары бар.

"Мен біздің қаламыздың әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «NCOC» компаниясының басшылығына алғыс айтқым келеді. Облыс орталығындағы құрылыс инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарыңыздың арқасында мектептер мен балабақшалар тапшылығы мәселесі шешілуде", - дейді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

 


Өзгелердің жаңалығы