Бас жаңалықтар
Атырауда 20 мектеп салынады
24 Сәуiр 2019, 12:04 370

Атырауда 20 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа нысандар 12 184 орынды қамтитын болады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева мәлімдеді. 

"Нұрсая, Жұлдыз, Алмагүл және Тасқалада мектептердегі орын саны жетіспеушілігінен 3 ауысымдағы мектептер саны көбеюде. Қала бойынша осындай 13 мектеп бар. Бұл мектептердің жалпы жобалық орны 9 556 орынды құрайды, онда 24 356 оқушы оқиды. Артық оқушылар саны – 14 800. 3 ауысымдағы мектептерді тарату мақсатында қосымша 20 мектеп салыну жоспарлануда",- дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева. 

Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 3 024 орындық 4 мектеп салынуда. Мемлекеттік – жекешелік әріптестік есебінен әр қайсысы 600 орындық болатын тағы 8 мектеп салу жоспарда бар. Қосымша жалпы саны 4 060 орындық 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. 

Сізден жаңалық