Атырауда 2021-2025 жылдары 36 спорттық кешен салынады

30 Сәуір 2021, 14:06
2416
Бөлісу:
Атырауда 2021-2025 жылдары 36 спорттық кешен салынады

 Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Биыл Атырауда кәсіби спорт клубтарға 1000 жасөспірім тартылатын болады. Сондай-ақ, «Атырау» шағын футбол командасы жанынан 60 баланы тәрбиелейтін академия ашу жоспарланып жатыр екен.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында спорт клубтарының қаржысын онтайландыру, балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Осыған орай  кәсіби клубтар қаржысы қысқартылып, биыл кәсіби спорт клубтары жаңындағы академияларға қосымша 1000 бала секцияларға тартылатын болады.  Сонымен қатар облыс тұрғындарының футзал спортына қызығушылығы ерекше. 180 командада мыңдаған әуесқой ойыншылар ойнайды. Халық арасында кеңінен насихатталған осы спорт түрін дамыту, спортшылардың жоғары лигада ойнауына мүмкіндік жасау мақсатында құрылған «Атырау» шағын футбол командасы жанынан 60 баланы тәрбиелейтін академия ашу жоспарлануда,-дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Өткен аптада «Атырау» футзал командасы ел чемпионатының финалына шығып, әлемнің алпауыт командаларымен бірге чемпиондар лигасында ойнауға жолдама алған. Бұл өңірдегі спорттың өркендеп келе жатқанының көрсеткіші екенін айтады. Сондай-ақ,  басқарама басшысы елді-мекендер мен аудандардағы спорттық нысандардың құрылысына тоқталды.

Тұрғындардан арыз-шағым жиі түсетін «Мұнайшы» орталық жүзу бассейні бүгінгі күні сенімгерлікке алған мекеме тарапынан күрделі жөндеуден өткізілуде. Мамыр айында жұмысын бастайды. Былтыр Индер ауданының Есбол ауылынан спорт кешені құрылысы аяқталса, биыл Жарсуат, Жанбай, Махамбет ауылдарында және Мақат кентінде спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Күні бүгінде Жылыой ауданының Қосшағыл және Жем ауылдарында спорттық кешендердің құрылысы аяқталды,-дейді басқарма басшысы.

  Сонымен қатар «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» жобасы және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста 36 спорттық кешен құрылысын салу жоспарланып жатыр екен. Олардың 13-і елді-мекендерде бой көтереді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында халық көп шоғырланған «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан спорт кешені базасында спорт мектебін ашу және құрылысы аяқталатын спорттық кешендерде жаңадан спорт мектептерін ашу жоспарлануда. Нәтижесінде жыл аяғына дейін 315 қосымша  секция ашылып, шұғылданушылар саны 6500-ге артады деп күтілуде,-дейді Ринат Ибрагимов.

Атырау облысында ұлттық спорт түрі де жоғары көрсеткіштер көрсетіп жүр. Азия чемпиондары да бар.  Басқарма басшысының айтуынша көкпардан үш құрама бар. Олар жасөспірімдер, жастар және ересектерге арналған. Құрамаларға ниеттілер келіп, қосыла алатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы