Бас жаңалықтар
Бүгін
Атырауда қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған цеx іске қосылады
11 Қаңтар 2019, 12:05 81

Атырауда қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған цеx іске қосылады

Астана, baq.kz. Цеx тәулігіне 100 тонна қоқыс шығарады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі пластмассаны, қоқыс пен қоқыс қалдықтарының барлық түрін көмуге тыйым салған.

Осыған байланысты, Атырау қоқыс полигонында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған цеxты орнату жоспарланып отыр.

 «Арнаулыавтобаза» ЖШС басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта инвесторға қажетті жабдықты сатып алуға қаражат бөлінді. Цеx  ағымдағы жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

- Жаңа цех тәулігіне 100 тонна қоқыс шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа жобаның арқасында шамамен 70 адам жұмысқа орналасады», - деді «Арнаулыавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.

Қазіргі уақытта қалада пластикалық қалдықтарды жинауға арналған 300 контейнер орнатылған. Жыл ішінде оларды 500-ге дейін арттыру жоспарлануда.

- Бұдан басқа, ағымдағы жылдың наурыз айында азаматтарға ыңғайлы болу үшін пластик, қағаз және шыны қабылдау үшін 10 нүкте ашамыз. Қоқыс жинауға арналған контейнерлерге қосп барлық жерлерде де шыны тастайтын контейнерлер орнатылады. Осылайша, Атырау тұрғындары біртіндеп қоқысты бөлек жинауға көшеді», - деді Алмас Ізтілеуов.

Қалалық қоқыс полигонына тәулігіне 300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Жиналған пластиктің бір бөлігі Ресейге қайта өңдеу үшін жіберіледі, бір бөлігі құрылыс материалдары өндірісінде қолданылады.

Сізден жаңалық