Атырауда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

7 Маусым 2019, 17:35
2950
Бөлісу:
Атырауда құрылыс қарқынды жүріп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау облысының инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарына соңғы төрт жылда 258 мрлд. теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органның мұндай қомақты қаржы бөлудегі басты мақсаты аймақ халқын балабақша, денсаулық сақтау сынды маңызды нысандармен қамту екен.

Шахардың күн санап көркейіп жатқанына тұрғындар дән риза.

«Қаламыз көркейіп жатыр. Жаңа үйлер қатары көбейді. Құрылыстар жүріп жатыр. Біздің жас кезімізде қаламыз мұндай көрікті болған жоқ. Әсем қалаға айналып, өңіріміз дами берсін»,-дейді Атырау қаласы тұрғыны, зейнеткер Гүлсара Абдуллаева.

Атырауда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Өткен 2016-2018 жылдары облыста тұрғын үйлер мен жолдарды салу үшін 255 жобаға 130 млрд.тан астам қаржы бөлінген. Атап айтсақ, оған 41-і оқу орындары, 10 денсаулық сақтау, 9 мәдениет және 11 спорттық нысан, 106 әлеуметтік тұрғын үй салыныпты.

«Мен Атырауда туылдым, өстім. Біздің қаламыз жыл өткен сайын көркейіп келеді. Жасыл желекке оранып келеді. Демаласы орындары, яғни саябақтар көбейді. Сонымен қатар әр ықшамауданға балалар ойнайтын алаңдары көбірек орнатса деп ұсыныс айтамын»,-дейді Атырау қаласы тұрғыны Ақшолпан Әріпқайырова.

 Атырауда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Сонымен қатар осы кезеңде облыста 815 шақырым жол төселген. Мұндай жұмыстардың басым бөлігі қала маңындағы және аудандық, ауылдық елді-мекендерде жасалған.

Атырауда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

"Бюджетті бөлудің негізгі бағыттары білім, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, жолдар мен денсаулық сақтау нысандары.2016 жылдан 2018 жылға дейін біздің облыста 14 мектеп пен 25 балабақша салынды, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұдан басқа, қалдықтарды тазарту қондырғыларын салу, тұрғындар үшін жаппай демалыс орындарын салу, шалғайдағы елді мекендерге газ және су тасымалдау үшін қаржы бөлінеді. Өңірдің дамуы өте жақсы деп бағаланады",-дейді Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Жақсылық Жанұзақов.

Өзгелердің жаңалығы