Атыраулықтар өз таңдауларын жасауда белсенді

9 Маусым 2019, 14:11
3460
Бөлісу:
Атыраулықтар өз таңдауларын жасауда белсенді
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаладағы №11 сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың белсенділігі жоғары.  Бұл Авангард-4 ықшаудандағы Атырау көлік және коммуникация колледжі ғимаратында орналасыпты. Учаскеде той думан өтіп жатқандай.  Тұрғындар мерекелік көңіл күймен келіп кетіп жатыр.

«Бүгін мейрам. Бүкіл халық сайлауға келіп дауыс беріп жатыр. Біз бүгін президентімізді сайлаймыз. Өз таңдауымызды жасаймыз. Ел аман болсын, тыныштық болсын»,-дейді Атырау қаласы тұрғыны Қанзиба Қажығалиева.

Атыраулықтар өз таңдауларын жасауда белсенді

Учаскеде екі мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Сайлаушылар үшін халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді тобы орналасқан. Комиссия төрағасының айтуынша тұрғындарда белсенділік жоғары екен.

«№11 сайлау учаскесіне  1993 сайлаушы тіркелді. Бүгін сағат таңғы жетіде сайлау учаскесі ашылды. Қазіргі таңда сол 1993 тұрғынның 25 пайыздан астамы  дауыс берді. Халықтың дауыс беруге ынталары жоғары»,-дейді  қалалық №11 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Жанбек Ниталиев.

Халық дауыс беруге лек-легімен келіп жатыр. Мұндағы тәуелсіз бақылаушылардың мәліметінше  барлығы заң аясында өтіп жатыр..

«Бүгін 9 маусым Президет сайлауы күні. Мен осы учаскеге қоғамдық бірлестіктен тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Бастамасы жаман емес, сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылды. Әзірге ешқандай ешкімнен шағым, не ескертпелері болған жоқ»,-дейді №11 сайлау учаскесінің тәуелсіз сарапшы Бақытжан Махамбетов. 

Атыраулықтар өз таңдауларын жасауда белсенді

Ал облыстық перинеталдық орталықтың мәжіліс залында  арнайы сайлау участок ашылған. Алайда сағат 09.00-ге дейін дауыс беру аяқталып үлгерген. Өйткені перзентханадағы аналар осы уақытқа дейін жүз пайыз өз таңдауларын жасап, дауыс беріп болған.

«Облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратында орналасқан №22 сайлау учаскесі бүгін таңғы сағат жетіде өз жұмысын бастады. Перзентханадағы 71 ана келіп, өз таңдауларын жасады. Сайлау өте жоғары дәріжеде, ұйымшылдықпен өтті деп айтуға болады»,-дейді  №22 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Алмира Сабырғалиева.
Өзгелердің жаңалығы