Атырау соттарында азаматтық істердің саны артқан

21 Сәуір 2021, 19:32
2242
Бөлісу:
Атырау соттарында азаматтық істердің саны артқан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау судьялары өңірде ұсақ-түйек қылмыстар азайғанын айтады. Алайда қылмыстық істерге апелляциялық шағым беру көбейген. Сондай-ақ, сотқа түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі бітімгершілікпен шешіліп, «Медиация» институты дамып келеді. 

Үш айда медиациялық тәртіппен 487 азаматтық және 167 әкімшілік істі қаралған. Судьялардық сөзінше бұл сот төрелігін іске асыру сапасының жақсарғанын айғақтайды екен. Сонымен қатар сот алқасының төрағалары әкімшілік әділет институтын түсіндірді.

Атырау облысының соттары сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту, азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жатырмыз. Облыс соттары Республика Президенті қойған міндеттерді, Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда. Халықтың соттарға деген сенімі артып келеді, бұл сотқа келіп түсетін арыздардың санының артуын көрсетеді Биылғы 3 айында Атырау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарына 3 776 арыз келіп түсіп, 2 514 азаматтық іс аяқталды, оның ішінде 1 308 шешім, 910 ұйғарым, 296 сот бұйрығы шығарылды. Ал аудандық және оған теңестірілген соттардың 366 сот актісіне, оның ішінде 248 шешімге және 118 ұйғарымға апелляциялық тәртіппен шағым және наразылық келтірілген,- дейді Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршинов.

Айтуларынша азаматтық істердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл қарайым халықтың құқықтық сауатының артуы және соттарға сенімі дейді олар.

Әкімшілік сот ісін жүргізуге келетін болсақ, жыл басынан бері Атырау облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына 2 925 іс келіп түсті. Оның ішінде облыс соттарымен 2 777 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аяқталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сот білімі стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында облыстық соттың судьялары семинарлар, дөңгелек үстелдердер ұйымдастырады.   Азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылайды. Судьялардың практикалық дағдыларын дамытуға және оларды жетілдіруге, қойылған міндеттерді тиімді орындауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді,-дейді Манат Комиршинов.

Сондай-ақ, судьялар биылғы 3 айда ұрлық, мал ұрлау, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, балықты заңсыз аулау қылмыстары көбейгенін айтады. Алайда зорлық, ұсақ-түйек жымқыру, тонау, жол ережелерін бұзу азайған.

Үкімге апелляциялық шағым беру азаматтардың құқығы. Бірақ бұл соттар өрескел қателік жібереді деген сөз емес. Қаулыдағы ұсақ-түйек кемшіліктер үкімнің өзгеруіне әкеп соғады. Қылмыстық істерге қатысты апелляциялық шағым беру көбейді. Өйткені ҚР Қылмыстық кодексінің 62 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты сот актісінің мерзімін ұзарту бағытында береді. Қазір өзіне тағылған айыппен келісе тұра апелляциялық шағым беріп жатады. Ол мерзімді көздеу пайдасы, - дейді Атырау облыстық сотының судьясы Дина Тухфатова.

Өзгелердің жаңалығы