Атырау облысының әкімі «Шелл» концернінің өкілдерін қабылдады

25 Сәуір 2019, 22:34
2187
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі «Шелл» концернінің өкілдерін қабылдады
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Атырау облысының әкімі «Шелл» концернінің өкілдерімен іскерлік кездесу өткізді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Сіздер ұзақ жылдар бойы Қазақстан аумағындағы мұнай-газ жобаларына белсенді қатысып келесіздер. Бұл - жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салық түсімдері. Мұның бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Қазақстан аумағындағы ірі мұнай-газ жобаларының акционері болғандарыңыз ұзақ мерзімді өзара байланысты дамытуға мүдделі екендеріңізді көрсетеді",-деді Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы бұл жобалардың Қазақстан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Мемлекет тарапынан жобаларды алға қарай дамытуға қажет жағдайлар жасалады.

"Шелл" концернінің «Халықаралық барлау және өндіру» бөлімшесінің директоры Эндрю Браун ел басшылығына Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етіп отырған жобаларға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Солтүстік-Каспий жобасының операторы NCOC консорциумының мақсаты- Қазақстан экономикасының өрлеуі үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру ғана емес, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу. Атырау облысында жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарға қолдау көрсету. Қазір консорциум Қашаған жобасы аясында маңызды кезеңді басынан өткеруде. 6000-нан астам адам тартылған күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бірнеше аптадан кейін NCOC жұмысты қайта жандандырады, біз күрделі жөндеу нәтижесінде өндіріс жоғары деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз",-деп атап өтті Эндрю Браун.

«Шелл» концернінің өкілі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі басқа кен орындарын игеру бойынша жоспарланған жобалары туралы айтты және облыс әкімінен «Қаламқас-Хазар» біріккен жобасы аясындағы жұмыстарға қолдау көрсетуін сұрады.

Облыс әкімімен кездесуге «Глубоководный кен орны» бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Уаэл Сауан, «Шелл» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазар, NCOC НВ басқарушы директоры Ричард Хоув қатысты.

Өзгелердің жаңалығы