Атырауда сенбілік аясында екі мың көшет егілді

28 Сәуір 2019, 18:09
2298
Бөлісу:
Атырауда сенбілік аясында екі мың көшет егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежайға баратын жол бойына шаған, үйеңкі, қарағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 сәуірде Атырауда облыс орталығын санитарлық тазалау мен көгалдандырудың екіайлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Акция аясында Атырау халықаралық әуежайына апаратын жол бойына екі мың шаған, үйеңкі мен қарағаш көшеттері отырғызылды.

«Сенбілікке қаладағы мекемелердің қызметкерлері, жалпы саны 300 адам қатысты. Теректерді суарып, күтім жасауды облыс орталығындағы жасыл желектерге күтім жасау және көгалдандыру бойынша қызмет көрсетуге тендерді ұтып алған мердігер мекеме қамтамасыз етеді», - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.

Еске салсақ, Атырауда биыл 15 сәуірде тұрғындарға тегін көшеттер таратылды. Қала тұрғындары жалпы саны үш мың көшет алды

Өзгелердің жаңалығы