Бас жаңалықтар
Атырау қаласының драма театрында шыққан өрт сөндірілді
22 Тамыз 2019, 19:05 248

Атырау қаласының драма театрында шыққан өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жаумен күрес 3 сағатқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Атырау қаласында М.Өтемісов атындағы драма театрында шыққан өрт толығымен сөндірілді.


"Өрт 18.20-да сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 55 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. 16 полицей драма театр аумағын қоршауға атсалысты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген мекеменің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін 800 млн теңгеге жөнделген драма театр өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық