Атырау облысында табиғат паркі ашылады

22 Сәуір 2019, 22:27
4107
Бөлісу:
Атырау облысында табиғат паркі ашылады
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасы мен Шөлқара қыраты маңынан табиғи парк ашу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған аймақ көп жылдан бері сұлу табиғатымен мамандардың назарын аударып келген. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қоғамдастығы осы өңірге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл жерлерде Ортатау қорымы тәрізді қасиетті орындар барын анықтаған.

Атырау облысында табиғат паркі ашылады

Қазірде осы табиғи паркті құру жобасы әзірленуде. Шетелдік және қазақстандық табиғат зерттеушілер осы Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына екі рет экспедиция жасап, нәтижесінде Атырау облысы үшін ғана емес, Қазақстан үшін құнды саналатын деректерді анықтаған. Жуықта Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев осы белгіленген аймаққа барып, аталған жерлерді автокөлікпен, тікұшақпен аралап көріп, табиғи парк идеясын мақұлдады. Осылайша аймақ басшысы жауапты орындарға болашақ парктің шекарасын нақтылауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы