Атырау облысындағы атыс. Сағызда күшейтілген режим орнады

31 Қазан 2021, 19:49
65607
Бөлісу:
Атырау облысындағы атыс. Сағызда күшейтілген режим орнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыс болған Атырау облысының Сағыз ауылында күшейтілген режим енгізілді. Бұл туралы Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Жағдай тұрақты. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы күзетіп жүр, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді ол.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында ауыл жастары арасында атыс болғанын, кейіннен атыста жарақат алған бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, үш жігіттің жағдайы ауыр екені де айтылған.
Өзгелердің жаңалығы