Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кеткен

27 Қыркүйек 2020, 08:18
1461
Бөлісу:
Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кетіп, көз жұмған, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өңірде жыл басынан бері 25 адам суға батып қайтыс болған. Оның үшеуі – бала. Олардың арасында жазғы айларда суға кеткен адам саны – 14. Көктемде адамдар өзен бетіндегі жұқа мұздың үстімен жүрем деп те жазатайым қаза табады. Ал жазда көпшілік суға түсуге арналмаған, мүлде жабдықталмаған жерде шомылады, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы