Атырау облысында жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

6 Қазан 2020, 06:49
1633
Бөлісу:
Атырау облысында жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жол тегістеуші көлік басып кеткен жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданында болған. Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолының бір учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Бір кезде жол тегістеуші көлік абайсызда учаске бастығының аяғын басып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды

Облыстық полиция департаменті кісі өлімі бойынша тергеу жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы