Бас жаңалықтар
Атырау облысында жоғалған 3 адам табылды
15 Қаңтар 2021, 22:29 336

Атырау облысында жоғалған 3 адам табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қаңтарда 18 сағат 54 минутта Жылыой ауданы Құлсары қаласы Есен-Аман шаруа қожалығының қой бағып шыққан 2 қойшысы 15 сағат 30 минут шамасынан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына ТРЭКОЛ автокөлігімен департаменттің аумақтық бөлімшелерінен 4 қызметкер және «Есен-Аман» шаруа қожалығынан 1 адам барды.

Іздестіру тобы 23 сағат 35 минутта Құлсары – Мұқыр тас жолы бойымен Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықтағы «Есен-Аман» шаруа қожалығына қарасты Шолтақай деген учаскедегі мал қыстағына жетіп, радиусы 30 шақырым болатын аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру нәтижесінде, 02 сағат 50 минутта «Қазтрансойл» АҚ-на қарасты №3 Мұнай айдау станциясына тартылған электржелісінің 306-шы электрбағанасының тұсынан жоғалған 2 азамат (1978 жылы туған Ақтөбе облысының тұрғыны, 1982 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы) табылды.

Азаматтардың айтуынша қатты жел салдарынан, топырақ борап, бағып жүрген 950 бас қой мен мінген аттан айырылып қалған және бағыттарынан адасып кеткен екен.

Жоғалған азаматтардың денсаулығын тексеру үшін Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықтары бірқалыпты.

14 қаңтар сағат 20:20 минутта Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылына қарасты Аттырған елді мекені Дәулет шаруа қожалығынан сағат 15:00-де 1986 жылы туған азамат УАЗ автокөлігімен Жангелдин ауылына шығып кеткені және әлі үйіне оралмағаны туралы хабар келіп түсті.

Іздестіру жұмыстарына №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, аудандық полиция бөлімінен жалпы есеппен 6 қызметкер бір ТРЭКОЛ автокөлігі жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде, 23 сағат 55 минутта Миялы ауылынан 57 шақырым қашықтақта Жангелдин ауылдық округіне қарасты Жамансай учаскесі маңынан УАЗ автокөлігімен бағытынан адасқан азамат жанар-жағармай бітіп тұрып қалған жерінен табылды. Жангельдин ауылына жеткізілді.

Табылған уақытта жоғалған азамат дәрігерлік көмекті қажет етпейтіндігі анықталды. Жағдайы бірқалыпты.

Жоғалған адамдар аман-есен табылып, үйлеріне жеткізілі, қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.


Фото: дереккөз
Загрузка...