Бас жаңалықтар
 Атырау облысында жас кәсіпкерлерге бизнестің басым бағыттары түсіндірілді
12 Ақпан 2019, 14:57 626

Атырау облысында жас кәсіпкерлерге бизнестің басым бағыттары түсіндірілді

Астана. BAQ. KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Маxамбет ауданында шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде көшпелі отырыс өткізді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өңірде атқарылған шаралар нәтижесінде шағын және орта бизнестің барлық көрсеткіштері өткен жылдармен салыстырғанда өсімге қол жеткізген.

 ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, басты назар экономиканың өндірістік және өңдеу секторларын дамытуға бағытталды, бұл өңірдегі шикізат саласынан басқа бағыттарға да үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді.

"Атыраудың өзінде былтыр 57 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 7,3 % жоғары. 2018 жылы атыраулық кәсіпкерлер шығарған өнім көлемі 1.7 трлн теңгені құраған. Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру үшін кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары жүзеге асып жатқаны белгілі. Солардың бірі "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы. Осы уақытқа дейін өңірде несие соммасы 96, 1 млрд теңге болатын 1200-ден астам кәсіпкердің жобасы қолдау тапты", - деді кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.

"Атамекен" ҰКП мамандары Атырау облысында скрининг өткізді, ол бизнесті дамытудың басым бағыттарын анықтауға және нысандардың орналасуын анықтап, аймақтық даму карталарын құруға мүмкіндік берді.

"Жалпы елімізде бүгінде 1 млн 240 кәсіпкер тіркелген. Оларға мемлекет тарапынан әркез қолдау көп. Қазірдің өзінде берілетін рұқсат 70%. Ал тексеріс 300 мыңнан 70 мыңға қысқарды. Бизнесмендердің кәсібін дамытып , олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Атырауда осы салаға арнайы скрининг жүргізілді. Нәтижесінде 46 мыңға жуық кәсіпкердің тізімі құрылған. Базада олардың алған несиесі, тапшы мамандар, бос жұмыс орындары және сол аумаққа қажет кәсіпкерлік нысан туралы ақпарат жинақталған", - деді жұмыс тобының жетекшісі Ануар Керімбаев.

"Атырау облысында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бізге Елбасы әр облыста өзінің даму бағдарламасы болу керек деп тапсырма берген болатын, соған байланысты ол тапсырманы Нұрлан Асқарұлымен келісіп Атырау облысында бір аптада орындадық деп баяндап отырмыз. Сондықтан Атырау облысының әдістемесі барлық облыстарға да тәжірибе болады деген ойымыз бар", – деп атап өтті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

Аймақ басшысы кәсіпкерліктің және жалпы бизнестің дамуы мемлекеттің басты міндеті екенін де атап өтті.

"Осы скрининг нәтижесін көре отырып, басқа сала қызметкерлері өздері атқармаған салаға бет бұратын шығар, жаңа кәсіп көзін ашуға мүмкіндік алады. Үлкен жұмыс атқарылды. Осы істі әрі қарай жетілдірейік. Аудан әкімдері күнделікті жұмыстарында баяндалған мәселенің барлығын пайдалана отырып, өздеріне жүкітелген міндеттерді орындауда осы мәселені басшылыққа алсын",- деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, скрининг нәтижелері Атырау облысының eatyrau.kz геопорталында жарияланған.

"Біз барлық мүмкіншілікті пайдалануымыз керек. Облысымыздың бюджетін, республикадан бөлінетін бюджетті тиімді пайдаланып, уақытылы игеруіміз керек. Қазіргі таңда республикадан қыруар қаражат бөлініп отыр. Президенттің тапсырмасын орындау дегеніміз бұл xалықтың әл-ауқатын жақсарту. Осы жолда аянбай еңбек етуіміз керек. Берілген қаражатты тиімді пайдалануға жұмыстануымыз қажет", - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Загрузка...