Атырау облысында жанар-жағармайды заңсыз сатқан ЖШС директоры сотталды

14 Қыркүйек 2019, 00:28
1848
Бөлісу:
Атырау облысында жанар-жағармайды заңсыз сатқан ЖШС директоры сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 1 жылдан астам уақыт бойы дизель отыны мен мазутты заңсыз сатумен айналысқан «ЮконСтройИнвест» ЖШС директорының қызметі әшкереленді.

Бас көлік прокуратурасы хабарлағандай, мұнай өнімдерін тасымалдауға қатысты мәліметтерін зерделеу барысында 2017-2018 жылдары аталған серіктестіктің басшысы жанар-жағармай материалдарын, олардың шығарылған жерін растайтын құжатсыз өткізіп келгені анықталды. Олар негізінен Қарағанды және Ақтөбе қалаларының аумағына автокөлікпен жеткізіліп, сонда сатылып келген.Заңсыз қызметтен 2,9 млрд. теңгеден астам табыс түскен.

Істі тергеу барысында бірқатар нақты іс-шараларды жүргізу туралы прокуратураның нұсқауын орындау және басқа да тергеу амалдарын жүргізу нәтижесімен ұйым басшысының қылмыстық әрекеті дәлелденді.

«Кінәлі Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 17 шілдедегі үкімімен 5 жылға сотталды»,- делінген хабарламада.

Атырау облыстық соты апелляциялық алқасы сотының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы