Атырау облысында жабайы қоқыс алаңдары жойылады

14 Қараша 2019, 19:30
2301
Бөлісу:
Атырау облысында жабайы қоқыс алаңдары жойылады
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде деп, хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған.

мус.jpeg
Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында "АрнаулыАвтобаза" мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.
Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.


Өзгелердің жаңалығы