Атырау облысында үй карантинінде 140 адам жатыр

27 Наурыз 2020, 18:20
1545
Бөлісу:
Атырау облысында үй карантинінде 140 адам жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында фармацевтикалық орталықтар қарқынды жұмыс жасауда, қазіргі таңда 140 адам үй жағдайында оқшауланған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасыың мәліметінше,  бүгінгі таңда облыста екі фармацевтикалық орталық бар.  

Біреуі – Атырау қаласында, екіншісі – Махамбет ауданында орналасқан, орталықтардағы  орындар саны - 200. Аталмыш орталық -  коронавирустық инфекцияны диагностикалауға, кейіннен расталған коронавирустық инфекцияны тіркеуге алып, емдеуге бағытталған.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Атырау облысының үш тұрғыны коронавирус жұқтырғанын, олардың қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқанын хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, бүгінде Атырауда жеті карантин орталығы бар, олардағы орындардың жалпы саны - 1910.

Қазіргі таңда үй карантинінде 140 адам бар. Күн сайын дәрігерлер қоңырау шалып, жағдайларын сұрауда. 

Айта кетейік, төтенше жағдай жарияланғаннан бері штаб Атырауда төтенше жағдайды алдын алу бойынша штаб жұмыс жасауда. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов басқарады. Штаб құрамына тағы 34 адам кірді, олар әртүрлі басқарма  мен департаменттердің басшылары. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. 


Өзгелердің жаңалығы