Бас жаңалықтар
Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала қаза тапты
VIDEO
06 Қазан 2021, 10:45 7740

Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының Махамбет ауданында 22 бума шөп өртеніп, 3 бала қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді, - деп мәлімдеді ТЖМ-дан.

6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін ПД қызметкерлеріне тапсырылды.



Фото: дереккөз
Загрузка...